«Сегодня древняя казахская земля удостоена великой чести - она приглашает лидеров и высоких представителей мировых и традиционных религий со всех концов земного шара для проведения диалога между цивилизациями и религиями».

Н.А. Назарбаев


» Новости » Блок новостей » «Этносаралық келісім – діни тұрақтылық кепілі» халықаралық конференциясы

«Этносаралық келісім – діни тұрақтылық кепілі» халықаралық конференциясы

2016 жылдың 17 қазан күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Этносаралық келісім – діни тұрақтылық кепілі» тақырыбында халықаралық конференцияға Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев, Астана қаласының әкімінің орынбасары Е. Аманшаев, «Рухани Келісім Конгрессі» халықаралық қорының төрағасы Т. Мухамеджанов, Ресей Федерациясының (әрі қарай - РФ) Мемлекеттік Думасының депутаты, СССР Халық әртісі - И. Кобзон, РФ Президенті жанындағы С. Алексеев атындағы жеке құқықты зерттеу орталығының атқарушы директоры  Ю. Агешин, Қырғыз Ұлттық Консерваториясының ректоры, Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик - М. Бегалиев, «Зеркало Недели» газеті редакциясының корреспонденті, журналист - Н. Вареник (Украина), «Intersections International» ұйымының директоры және негізін қалаушы Robert J. Chase JR (АҚШ), Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Наиб муфтиі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы  - Отпенов Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана Шіркеулік Округінің Благочиндісі  Архимандрит - С. Карамышев,  «Ливан-Ресейлік Үйі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ф.ғ.д., профессор Сухейль Наим Фарах (Ливан), Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Қазақстан халық Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі - А. Башмаков, "Монолит" Ұжымдық Серіктестігі Директорлар Кеңесінің Төрағасы - С. Дарнев (РФ), "Сфера открытых отношений" ААҚ  бақылау кеңесінің төрағасы, "Мир через культуру" халықаралық ассоциясының президиумының мүшесі, И. Дарнева (РФ) және Астана қаласында қызмет ететін діни бірлестіктердің өкілдері, теолог-ғалымдар, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.

Конференция мақсаты -  Тәуелсіз Қазақстанның осы күнге дейінгі ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардағы жеткен жетістіктерін жариялау және оны әріқарай дамыту бойынша сұрақтарды талқылау болды.

Конференция өтуі барысы бойынша ақпараттар Хабар, 24-KZ телеарналарының жаңалықтарынан көрсетілді.

Сонымен қатар, «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» атты фестивалі ұйымдастырылып, 2016 жылдың 17 қазан күні Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің Әскери-патриоттық мұражайының мәжіліс залында СССР халық әртісі Иосиф Давыдович Кобзонның арнайы концерті өтті. Концертке қаламыздағы діни бірлестіктер өкілдері, ұстаздар, дәрігерлер, жастар, әскери қызметкерлер, соғыс ардагерлері қатысты.

Концерт соңында біртуар өнерпаз тұлғаға Астана қаласының әкімінің атынан ықылас гүлі сыйға тартылды.

17-қазан күні фестиваль аясында, Астана қаласының оқушылар сарайының мәжіліс залында «Есігімді қаққан кім?» атты қойылым көрсетілді. Қойылымға Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Спикері Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев мырза бастаған бір топ депутаттар, Астана қаласы әкімінің орынбасраы Е. Аманшаев, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Д. Есин, зиялы қауым өкілдері мен Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің белсенді студенттері қатысты.

18 қазан күні фестиваль аясында «Астана-Опера» Ұлттық академиялық опера және балет театрының залында өткен Карл Орфаның «Кармин Бураны» бағдарламасында бар концертке елордамыздағы діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуы ұйымдастырылды.

Яндекс.Метрика